Start Әлеумет ТҮРКІСТАН: ДОЙБЫДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ДОЙБЫДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан облысында дене шынықтыру жəне спорт саласын дамытуда басқарма басшысы Қ.Жолдықараев жаңаша бағытты жұмыстар атқаруда. Аудан, ауыл спортын көркейту арқылы- ел спортының болашағы жарқын. Бұл ретте, Түркістан облысының №3-ші олимпиада спорт мектебінің талантты шəкірттері дойбыдан кезекті Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңіске жетті. Нақтырақ айтқанда, 30 наурыз күні Шымкент қаласында 64 шаршы дойбыдан жасөспірім ұлдар және қыздар арасында кезекті рет тартысты түрде Қазақстан чемпионаты аяқталды. Түркістан облысы дойбышылары I-орын – 5, II-орын – 3, III-орын – 2 жеңіп алды. Дойбыдан классикалық ойнау түрі бойынша Құдайберген Н. – I, Абдимуталибов Д. – II орын иеленді. Ал, дүниежүзілік деңгейде кең тараған блиц түрі бойынша Наралиев А. – I, Абдулла А. – II, Құдайберген Н. – II орынды жеңіп алды.Сонымен қатар, жастардың арасында өте кең тараған дойбыдан рапид түрі бойынша түркістандықтар Абдулла А. – I, Наралиев А. – I, Құдайберген Н. – I, Бегзаткан Ж. – III, Мырзахан Н. – III орын иеленіп, туған елге олжалы оралды.