Start Әлеумет ТҮРКІСТАН: АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ҮШІН МИНИСТРЛІК БІРҚАТАР ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

ТҮРКІСТАН: АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ҮШІН МИНИСТРЛІК БІРҚАТАР ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні кезекті рет Қазақстан халқына Жолдау жасап, ел көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстарды жауапты қызметкерлерге тапсырған еді. Өз кезегінде айтылған тапсырмаларға сәйкес, ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы айтып берді. Бұл жоспармен түркістандықтар да танысса, артық болмас.Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары бойынша ақпаратты ұсынамыз.

  • Атап айтқанда, бастапқы өндірістен қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшу үшін инвестициялық субсидиялар шеңберінде стандарттарды 50%-ға дейін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуды ынталандыру шаралары әзірленеді, сондай-ақ салық саясатын қайта қаралатын болады.
  • Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға инвестицияларды, оның ішінде трансұлттық компанияларды белсенді тарту жоспарланып отыр. Ет, сүт және астық, сондай-ақ өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту басым бағыттарға айналады. Нәтижесінде АӨК экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім экспортының үлесі 70%-ға дейін жеткізілетін болады.
  • Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша АӨК-дегі ірі жобаларды қаржыландыру бойынша бағдарлама бар. Биыл 65 сүт-тауар фермасын салуға 100 млрд теңге бөлінді, бұл сүт өндіру көлемін 373 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2024 жылы жобаны іске асыруға тағы 100 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.
  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдан жылдан бастап ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» бағдарламасын ауқымды іске асыру басталды.
  • Ауыл тұрғындарына жеңілдікпен шағын несие беруге 100 млрд теңге бөлінді. Заңнамалық негіз қалыптастырылып, ауылшаруашылық кооперативтері үшін инвестициялық субсидиялау шеңберінде 50% – ға дейін көтерілген нормативтер және жеңілдікті салық салу көзделген.
  • Машина-трактор паркін жаңарту мақсатында биыл Президенттің тапсырмасы бойынша «Жасыл Даму» қаражатынан отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар жемшөп дайындау техникасы мен суарудың мобильді жүйелерін қаржыландыруға 20 млрд теңге бөлінді. Жалпы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгеден асады. Болашақта бұл көлемді ұлғайту жоспарланып отыр.
  • Дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау және жаңа экспорттық бағыттар жоспарлы түрде ашылады. Өнім экспортын дамыту үшін қазіргі кедергілерді алып тастау, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу, әлеуетті импорттаушылармен және шетелдік әріптестермен келіссөздер процестерін жандандыру есебінен экспорт номенклатурасын одан әрі кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасын табады. Сонымен қатар қазақстандық кәсіпорындарды экспорттаушылардың шетелдік тізілімдеріне енгізу жұмыстарыда жалғасады.
  • «Білім-ғылым-өндіріс» тиімді жүйесін қалыптастыру үшін зерттеу университеттерінің рөлін күшейте отырып, дамыған елдердің тәжірибесі бойынша аграрлық ғылым жүйесін реформалау жүргізілетін болады. Ғылымның нақты өндірістен алшақтығын еңсеру керек.
  • Сондай-ақ, технологиялар трансфертін дұрыс орнату жоспарланып отыр. Отандық ғалымдар өнімділікті арттыру немесе жануарлардың салмағын арттыру үшін әлемдік тәжірибеде бұрыннан белгілі және қолданылатын жаңалықтарды бейімдейтін болады. Ол үшін ұлттық Аграрлық ғылыми-білім беру орталығы веритикалды интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналады.
  • Танылған шетелдік агрономиялық орталықтарымен толыққанды ғылыми-практикалық ынтымақтастық орнату, сондай-ақ жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне қарай бейімдеу көзделген.
  • Өсімдік шаруашылығында жоғары рентабельді дақылдардың алқаптарын ұлғайту, суды көп қажет ететін және дара дақылды егістерді қысқарту арқылы егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары күшейтілетін болады.
  • Бұдан басқа, климаттың өзгеруіне бейімделген отандық селекция жүйесін, тұқымдар мен отырғызу материалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесін құру жөніндегі шараларды көздейтін 2024-2028 жылдарға арналған селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілетін болады.
  • Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясының тұрақтандырушы рөлін белсенді пайдалану мақсатында оның қызметі тек астықтың ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерінің бағасының құбылмалылығын төмендетуге бағытталатын болады.
  • Ол үшін Азық-түлік корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері нарығында тауарлық интервенциялар жүргізу тетігі пысықталып жатыр. Сондай-ақ, оның тарапынан өңдеушілер үшін белгіленген бағамен үшжақты форвардтық сатып алуды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесетін болады.

Сонымен қатар, жуырда ведомство бітқатар құжатты бекітті. Олардың барлығы дерлік ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

Мәселен, жуырда субсидиялаудың жаңа ережелері бекітілді. Ол ережелерге сәйкес, енді жылыжай шаруашылықтары энергия ресурстары мен тұқымға субсидия алатын болды.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жылыжай шаруашылықтары жылынатын өнеркәсіптік жылыжай кешендері мен фермерлік жылыжайларда өсірілетін қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдарының бір дақыл айналымына маусымаралық кезеңде электр энергиясына, көмірге және газға арналған шығыстарды субсидиялау арқылы мемлекеттен қолдау ала алады. Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады.

Субсидиялар алу кезінде фермерлік жылыжайларға қойылатын міндетті талап өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы болып табылады. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ, бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі және 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы ретінде жылыжай шаруашылықтарына энергия ресурстарына арналған шығыстарды субсидиялау туралы шешімді Үкімет 2023 жылдың басында Түркістан облысының фермерлері қалың қардан зардап шеккен кезде қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту үшін тыңайтқыштардың (органикалық), пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау, суармалы су беру жолымен мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жылыжай шаруашылықтарына инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығыстар субсидияланады, бұл ретте субсидиялауды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде шығындарды өтеуді 25%-дан 30%-ға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Жаңартылған субсидиялау қағидаларында тұқымға арналған субсидиялар нормативтері орта есеппен 30%-ға ұлғайтылды. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы нарықтағы тұқым материалының қымбаттауымен байланысты.

Айта кететін тағы бір жаңалық – Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға несие беру қағидаларын бекітті. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңінен тарату шеңберінде бүкіл ел бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қарыздың ең жоғары сомасы 5 млрд теңгеге дейін 10 жылға дейін  мерзімге 2,5%-бен несие беру жоспарланып отыр.

Үміткерлерге несиелер жаңа кәсіпорындар құру немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде сүт-тауар фермалары (қуаты 400 бастан бастап), ет бағытындағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап), көкөніс қоймалары (1000 тоннадан бастап), сондай-ақ заманауи су үнемдеу технологияларын (шашырату, тамшылатып суару) пайдалана отырып суармалы егіншілік саласындағы жобаларды (картоп, көкөністер, жемшөп өндірісі) кеңейту үшін берілетін болады.

Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді, ол 65 сүт-тауар фермасының құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады.