Start Әлеумет ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ДА ЖАУАПТАР БЕРІЛДІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ДА ЖАУАПТАР БЕРІЛДІ

Түркістан облысында „Жолда қабылдау“ акциясы өтті. Акция аясында 13-14 наурыз күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін тұрғындар полиция қызметкерлерінен қажетті кеңестерін алды.
Қабылдауға келген тұрғындардың көпшілігі жолдардағы тәртіпсіздік, жол белгілері, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, автокөліктерін тіркеу мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Полиция қызметкерлері де кең көлемді жауап беріп, кеңестерін айтты. Сондай-ақ, көлік сатқанда толық тіркеуден шығаруды және жаңадан тіркеуді мүмкіндігінше белгіленген талаптарға сай жасауды ескертті.
Акция әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

  • Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқық қорғау саласы қызметкерлеріне азаматтардың сенімін арттыру және халықпен байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған акцияның берері мол. Қабылдауда көптеген азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен шағымдары тыңдалды. Барлық мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, тұрғындарға құқықтық кеңестер бердік –деді, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А. Сейдуалиев.
    Қабылдау барысында түскен шағымдардың басым бөлігі өз шешімін тапты. Ал, бірқатарына заң жүзінде кеңестер беріліп, бақылауға алынды. Әлеуметтік желі арқылы түскен сұрақтарда жіті назарға алынып, қажетті шаралар жасалды.