Start Әлеумет СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Айбек Шілмановтың төрағалығымен өткен мәжіліске қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланған алқалы жиында бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер баяндалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алдын алу жұмыстарына айрықша басымдық беру қажеттілігі ескертілді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу, прокуратура, ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалары, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, Түркістан облысы әкімі аппаратының Персонал басқару қызметінің басшысы және аудан, қала әкімдері қатысқан шарада мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол бермеу мәселелері ортаға салынды.

Мәжілісте сөз алған Мирас Асқарбайұлы Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң, күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті екендігін баса атап өтті.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні күшіне енген Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын жеткізді.

Жиын соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында ішкі талдау жұмыстарына айрықша назар аудару қажеттігін ескертіп, мемлекет мүддесін арқалаған қызметшілерді тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.