Start Әлеумет ШАТЫРЫ ҰШҚАН МЕКТЕПТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ШҰҒЫЛ КОМИССИЯ КІРІСТІ

ШАТЫРЫ ҰШҚАН МЕКТЕПТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ШҰҒЫЛ КОМИССИЯ КІРІСТІ

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы Мырзакент кентінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады.

Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент кенті қазіргі заман талабына сай келбетке ие болуы керек. Осы мақсатта өткен жылы аудан әкімінің бастамасымен аудан орталығын дамыту, абаттандыру үшін көптеген жұмыстар атқарылды.

Мырзакенттің орталық көшесі саналған С.Қожанов көшесінің бойы толықтай абаттандырылды. Атап айтқанда, аяқжолдар төселіп, бордюрлері жаңартылып, гүлдер егілді. Сондай-ақ, көшенің екі шеті жаңа үлгідегі қорамен қоршалып, бордюрлардың үстіне архитектуралық мүсіндер орнатылды. Кәсіпкердің демеушілігімен ұлт қайраткері С.Қожановтың ескерткіші де тұрғызылды.

Т.Мадиходжаев көшесінің ортасындағы бордюрлер алынып, көше кеңейтілді. Чкалов көшесінің бойына аяқжол салынып, 520 метрге лоток жүргізіліп, көшенің бойына шырша ағаштары егілді. 9 көп қабатты үйлердің ауласы жарықтандырылып, әрбір көп қабатты үйдің ауласында балаларға арналған спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өткен жылы кентті көгалдандыру мақсатында Достық каналының солтүстік жағалауына 750 түп шырша көшеттері отырғызылып, қоршау жұмыстары жасалды.

Жалпы былтыр Мырзакент кентінде ұзындығы 17,19 шақырымды құрайтын 21 көше асфальтталған. Тағы 3 көшеге топырақ төселген. Жалпы саны 8 көшеге 8,03 шақырым аяқжол да салынған.

2019 жылы Мырзакенттің орталық алаңы қайта жөндеуден өтіп, „Жастар гүлзары“ деген атаумен пайдалануға берілді. Гүлзарда 3 фонтан орнатылып, 417 түп шырша ағаштары отырғызылды. Ағаштарды суару үшін құбырлар тартылып, жарықтандыру жұмыстары жасалды.

Кенттің батыс және солтүстік қақпалары да пайдалануға берілді. Сонымен қатар, кенттегі „Абылайхан“ атындағы жалпы орте мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 250 орындық „Мырзакент“ емханасының құрылыс жұмыстары аяқталды. Өткен жылы „Мақтаарал“ мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары да басталған болатын.

Айта кетейік, есептік жиын барысында Мырзакент кентінің тұрғындары тарапынан қойылған сұраққа аудан әкімі Бақыт Насырханұлы тұщымды жауап беріп, тұрғындар тарапынан „жақсы“ деген баға алды.