Start Басты жаңалықтар ОТЫРАР АУДАНДЫҚ СОТЫНДА „ФРОНТ-ОФИС“ АШЫЛДЫ

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ СОТЫНДА „ФРОНТ-ОФИС“ АШЫЛДЫ

Фронт-офистің салтанатты ашылу рəсіміне аудандық ақсақалдар алқасы, ардагерлер кеңесі, депутаттар, заң кеңсесінің адвокаты мен БАҚ өкілдері қатысты.
         Аудандық соттың төрағасы Ə.Жанасов сот жүйесіндегі сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуда, сот рəсімдерінің қолжетімді жəне ашықтығына қол жеткізуді одан əрі арттыратын фронт-кеңсесінің ашылуы аудан үшін атаулы оқиға болып табылатынын, осы кеңседе сотқа келушілер үшін барынша жайлы жағдайлар жасалғанын айтып өтті.
         Фронт-офис мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қазіргі заманғы стандарттары ескеріле отырып, кеңсе техникасымен жəне инфрақұрылыммен жабдықталған. Соттағы ақпараттық орталық, кіріс кеңсе, өзіне-өзі қызмет көрсету жəне татуластыру аймағы əрекет етеді. Моноблоктардан сот отырыстарының кестелерін жəне облыстық соттың сайтын көруге, сондай-ақ басқа да мағлұматтарды алуға мүмкіндіктер бар.
         Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты-сот төрелігіне қол-жетімділікті қамтамасыз ету арқылы сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру болып табылады.