Түркістан облысы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық адами әлуетті дамыту бөлімінің әдіскері Омарова Гүлназдың ұйымдастыруымен Ілияс оқулары өткізілді. Ілияс оқуларының мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, Ілиястың лирикалық, эпикалық, прозалық драмалық шығармаларын насихаттау болып табылады. Яғни, Ілияс Жансүгіров оқулары үш бағыт бойынша өткізілді:1. „Ілияс-эпик ақын „Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту/ жаттаған поэманың көлемі, образға енуі, мүдірмей жатқа айтуы мен образды ашуы, саханалық мәдениеті,өзін-өзі ұстауы/;2. „Сұлу сөздің сүлейі“ бағытында Ілияс Жансүгіров өлеңдерін мәнерлеп оқу / көркемсөз мәнерлігі,сөйлеу әуені, интонация,дауыс кідірісі, жаттаған өлеңдер саны, сөйлеу мәдениеті/;3. „Ағынды менің -Ақсуым“ бағытында ақынға арнап жазған өлеңдерін жатқа,мәнерлеп оқу. / ерекше ұйқасы, өзіндік идеясы мен ой тереңдігі, көркем оқуы / бағаланды. Аудан бойынша 76 оқушы қатысып, Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Зияеев Мұхаммед, мәнерлеп оқу бойынша Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Балабек Жанерке, ақынға арнау бойынша Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ешенкулов Бақдәулет жеңімпаз аттанып, облыстық кезеңге қатысады.