Start Әлеумет «NUR OTAN»: САЙРАМДЫҚ ДЕПУТАТТАР ЕРЕКШЕ АКЦИЯҒА АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

«NUR OTAN»: САЙРАМДЫҚ ДЕПУТАТТАР ЕРЕКШЕ АКЦИЯҒА АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Сайрам ауданында ерекше акция басталды. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтың бастамасымен «Ауыл – ел тірегі» он күндік іс-шарасы қолға алынды. Жоба аясында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен дербес бөлім басшылары әрбір ауылға 10 күн бөліп, қоғамдық қабылдаулармен кездесулер өткізеді.
Қарабұлақ ауылынан бастау алған «Ауыл – ел тірегі» он күндік іс-шарасы аясында «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы, мәслихат депутаттары мен партия белсенділері және ерікті жастар да белсене араласып кетті.
Алдымен аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы мен аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы және тиісті бөлім басшылары Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіп, ауылдың өзекті мәселелерін талқылап, нақты шешілу жолдарын қарастырды. Кездесу барысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мәселесі де насихатталып, тұрғындарға Солтүстік Қазақстан облысынан келген арнайы делегаттар Жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару – мемлекет жүргізіп отырған ең ұтымды бағдарламалардың бірі екендігін жеткізді.
Акция барысында облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен 15 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп, олардың жай күйімен танысты. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі