Start Әлеумет «Nur Otan»: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ДА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

«Nur Otan»: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ДА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Абіш Дулатбек Назарбекұлы, Тағаев Бақтияр Мұратұлы, Нұрмаханов Ерлан Зайпұлы, Өміртай Амалбек Дәркенұлы бүгін Ордабасы ауданы, Жеңіс ауыл округінің тұрғындарымен жылы шыраймен кездесті.

Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттап, облыста, қала берді ауданда алдағы бес жылда атқарылар жұмыстарды айтып өтті.
„Біздің партия қашан да жеңіске жетуді, Қазақстан халқына барынша жағдай жасауды, қай саланы болмасын дамытуды, халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат тұтады“ – дей келіп, кандидаттар алдағы сайлауда „Nur Otan“ партиясына дауыс беруге шақырды. Ал, ерікті жастар ауыл тұрғындарына үгіт насихат үнқағаздарын тарқатты.

„Nur Otan“ партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар БЕРДІМҰРАТ ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке шақыра келіп, қандай да бір мәселе бойынша көмек сұрап келген азаматтарға „Nur Otan“ партиясы аудандық филиалының есігі әрдайым ашық екендігін айтты.

Жалпы 2025 жылға дейін Шұбарсу, Шұбар, Жеңіс, Қарақұм, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Бірлік, Жамбыл, Бадам, Дербес, Мамыр, Ақбұлақ елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар атқарылады.

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Ордабасы ауданында 17 ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. Оның 96,2%-ы қазақтар, 3,9%-ын өзге ұлт өкілдері құрайды.

Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:
✔️«Бейбіт отбасы» жобасын іске асыруға, отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізуге;
✔️ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды жалғастыруға;
✔️этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді қолдауға;
✔️2021 жылы Бадам (250 орындық), Шұбар және Қарақұм елді мекендерінде (150 орындық) мәдениет үйлерін салуға;
✔️2022 жылы Жеңіс ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге;
✔️Ордабасы ауданының көрнекті тумаларын (Ә.Аймақ, Д.Нақыпов, К.Омаров, Д.Исабеков, Ә.Ысқақ) насихаттауға;
✔️Қ.Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына орай «Күш атасы – Қажымұқан» атты аудандық ақындар мүшайрасын өткізуге;
✔️К.Омаровтың 95 жылдығына «Айтыс өнерінің ақтаңгері» атты халықаралық ақындар айтысын өткізуге;
✔️Ордабасы ауданының 60 жылдығына «Тарихы терең Ордабасы» театрландырылған мәдени іс-шарасын ұйымдастыруға;
✔️аудан аумағында орналасқан тарихи, киелі орындарды дәріптеуге;
✔️ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және ұлттың мәдени кодын сақтауға, оның ішінде тақырыптық 553 іс-шаралар өткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.

«Nur Otan» партиясы атынан Ордабасы аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді