Start Әлеумет МИРАС ҚАРҒАБАЙ: «АДАЛ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА»

МИРАС ҚАРҒАБАЙ: «АДАЛ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Асқарбайұлы Қарғабай Жетісай ауданындағы жұмыс сапарын жастармен кездесу өткен келелі кездесумен қорытындылады.

Басқосуға Департамент жанынан құрылған «Түркістан Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Қарсыбай, «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Мутаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.

Кездесу барысында Мирас Асқарбайұлы елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен және заңнамалық актілермен таныстырып, жемқорлық белгілері болып табылатын алғышарттарға тоқталды. Қызметтік бабын асыра пайдаланып, жеке бас пайдасының табысын арттыруға жасалған қылмыстардың салдарымен, заңда белгіленген жауапкершіліктермен таныстырды.

Және Жетісайлық жастармен еркін форматта өткен жиын барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«Тәуелсіз Отанымызды әлемдік ареналарда мойындатуда, беделін сақтап қалуда үлкен жауапкершілік жүгін арқалап жүрген тұлғалар Сіздер мен Біз. Сондықтан, бүгінгі қоғамды жегі құрттай жеп отырған дерт – сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуіміз, жарқын болашағымызды бірге қалыптастыруымыз керек. Жемқорлықпен күрестің біз таңдаған тәсілі – жемқорлық жасағандарды жаппай қамау емес, қылмыстың себеп-салдарын анықтап, слдын алу жұмыстарын жүргізу» деді өз сөзінде Мирас Асқарбайұлы.

Басқосу соңында Жетісай жастары заңдық кеңестерін алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген Мирас Асқарбайұлына өз алғыстарын білдірді.