Start Әлеумет Ұлжалғас Айтбенбетова: «ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІКТІ ҰРПАҚТАРЫН ДАЙЫНДАУДЫ БАСТЫ МАҚСАТ ЕТІП КЕЛЕМІЗ»

Ұлжалғас Айтбенбетова: «ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІКТІ ҰРПАҚТАРЫН ДАЙЫНДАУДЫ БАСТЫ МАҚСАТ ЕТІП КЕЛЕМІЗ»

Газетімізде тұрақты берілетін «Алтын ұя» айдарына бұл аптада Шорнақ ауылындағы Сауран аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Алтын сақа» бөбекжай-бала бақшасын беруді жөн көрдік. Аталмыш бала-бақша еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, 2016 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. Бүгінде балабақшада 6 топта 150 бала тәрбиеленуде.

– Балабақшаның әрбір күні күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуде жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін сезінеді. Жылылық пен мейірімділікті, ізгілік пен парасаттылықты бала жүрегіне ұялатып, оның дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған ортамен танысуына ықпал жасауда жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді қолданып келеміз. Бала жанының бағбаны – тәрбиеші қауымының бала тәрбиелеуде жүйелі жұмыс жүргізуіне мол мүмкіндік туғызу – басты міндетіміз, – дейді «Алтын сақа» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ұлжалғас Төлебайқызы.

Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бүлдіршіндер балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойында жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, оларды өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.

Балабақшада жылу, телекоммуникация, су тасымалдау жүйелері толық талапқа сай қарастырылған. Арнайы музыка және дене шынықтыру бөлмелері бар. Әр топқа толық жабдықталған бөлмелер мен тазалық жөнге қойылған. Асхана және басқа шаруашылық бөлмелер арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Ас дайындау, кір жуу бөлмелері, азық-түлік сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Балабақша ауласы өсімдіктермен көгалдандырылып, таза ауада ойнап өсу жағдайы қарастырылған және спорт алаңдары бар.

Мектепке дейінгі оқытудың барлық жастағы сатысындағы жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеуде техникалық талаптарда белгіленген санитарлық талаптары мен нормалары ережелерге сәйкес келеді. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды даярлық топтарының базалық оқу жоспары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бір бөлігі ретінде білім саласы мен жас ерекшеліктері бойынша мазмұнын меңгеруге күш салады. Оқу жүктемесіне бес білім «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» кіреді.

Жоспарға сәйкес, тәрбиешілер күнделікті оқу қызметтерін жоғары деңгейде заманауи технологияларды қоса пайдаланып ұйымдастырып отырады. Күнделікті іс-шаралармен қоса қоғамдық шараларға да тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап өтетін болсақ, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында балабақшада «Ең креативті тәрбиеші – 2018» қалалақ байқау өткізіліп, оған 22 мектепке дейінгі ұйым қатысқан. Сайыстың қорытынды нәтижесін саралай келсек, тәрбиеші ақыл – ойы мен күш қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше қадір тұтып қадірлейтіні белгілі. Аталмыш сайыстың «Ең креативті тәрбиеші – 2018» байқауында «Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешісі Матлюба Жиенбаева бас жүлдеге қол жеткізеді.

Сонымен қатар, 2019 жылы балабақшаның психологы Гулзия Бабаханова барлық топтардан балалар алып, әр топтағы балаға өз жас ерекшелігіне сай етіп, «Ойын баланы заманауи дамытудың қайнар көзі» тақырыбында тренингтер мен қызықты ойды дамытушы ойындар мен оқу қызметтерін өткізген. Басқа мекемелерден яғни балабақшалардан келген психолог әріптестері Гулзия Бабахановаға оның жасаған жұмысына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізгенін байқауға болады. Психологпен бірге ағылшын тілі, дене шынықтыру және музыка пәндері де өз жұмыстарын көпшілікке лайықты түрде көрсете білуде.

Балабақша меңгерушісі Ұлжалғас Айтбенбетованың айтуынша жаңа инновациялық жобаларды алып, сол жолда жұмыс жасап, озық көрнекі құралдармен жұмыс жасап, көпшілік тарапынан разылықтарын білдіріп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, құм терапия әдісі, 3Д қаламмен сурет салу әдістерінде келген қонақтар балалармен жұмыс жасаудағы керемет әдістердің бірі екенін айтып, алдағы уақытта өз тәжірибелерінде қолданатындықтарын айтуда. 2019 жылы Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинетінің тапсырмасына сәйкес, қалалық практикалық семинар өткізілген. Семинардың тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі білім беру тәжірибесінде STEM бағдарламасын қолдану». Шараның мақсаты балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, STEM бағдарламасының бағыттарын қолдана отырып, ұшқыр ойлауға, заманауи технологияларды қолдана білуге бағыттау болып табылады. Семинарға қалалық білім бөлімінің кабинет меңгерушісі Ж.Омаров, білім бөлімінің әдіскері А.Аблазова қатысып, жоғары бағаларын берген. «Мен дүкенге бардым» тренингі бойынша психолог Гулзия Бабаханова, «Степ аэробика» таңғы жаттығу бойынша дене шынықтыру пән мұғалімі Мухая Исаковалардың еңбектерін атауға болады.

Семинардың қорытындысы бойынша білім бөлімінің әдіскері А.Аблазова өз пікірін білдіріп, семинар бойынша әрбір ашық оқу қызметіне ену барысында көбінесе тәрбиешілер өз мақсаттарына жете білгендігін айтады. Ересектер, ортаңғы топ тәрбиеленушілері сабақтарда өздерінің бойындағы өнерлерін және сабақ барысында ойларын ашық айтқанын жеткізген. Ал, кіші топ тәрбиеленушілері жауаптары аз және толық болмағандықтан тәрбиешілерге балалармен жеке жұмыс жасап сөздік қорларын дамытуды ұсынған. Балабақша ұжымы еңбекқор, ынталы, шығармашыл, білімді, іскерлік қасиеттері жоғары «Алтын сақа» бөбекжай-балабақшасының педагог ұжымы ұйымшылдықтарын жан-жақты ізденімпаздықтарын жаңа технологиялармен көрсете білгенін айта келіп, семинар барысында өтілген барлық іс-шараны жоғары бағалайды. Әдіскер А.Бегенова әр тәрбиешінің шеберлігін бағалай отырып, көпшілікке ұсыныс тастап, қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарына лайықты педагог тәрбиешілерді ұсынған екен.

Барлық педагогтар ҚР Білім және ғылым министрлігі, педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталықтарында мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық – педагогикалық аспектілері бойынша өз білімдерін жетілдіріп отырады. Жыл сайынғы педагогтер мен тәрбиеленушілер арасында жоспарға сәйкес, ұйымдастырылып отыратын сайыстарда ұшқыр білімдерін, үздік қойылымдары мен жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтсақ: Мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі саз жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шыңдау, жас талант иелерін анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Екі жұлдыз – 2019» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленгені үшін Ертөстік тобының тәрбиеленушісі Гулрух Надирова марапатталған. 2021 жылдың ақпан айында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай, мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған онлайн форматта «Қарлығаш, құмырсқа, өрмекші» тақырыбында сахналық қойылым көрсетіліп, тәрбиеші Шахиста Полатқызы және тәрбиеленуші Әлихан Нұржанұлы қатысып, бас жүлдеге ие болған.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан облысы әдістемелік орталығы, «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында өткен педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясында жоғары дәрежеде инновациялық идеялар мен тәжірибе бөліскені үшін балабақшаның тәрбиешісі Матлюба Жиенбаева мақтау қағазымен марапатталған. Сауран адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты балабақша бүлдіршіндері арасында ұйымдастырылған «Күз ханшайымы – 2021» өнер байқауында жан-жақты дарындылығымен дараланып, «Сұңқар» тобының тәрбиеленушісі Суннетуллаева жүлделі ІІІ орынға ие болған.

Бүгінгі күн жас ұрпақты тәрбиелеуде балабақша ұжымы алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі қоғамда өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға кең жол ашып отыр. Бойында дана халқымыздың рухы бар бүгінгі жас ұрпақты әлемдік бәсекеге сай, бойында демократиялық құндылық негіздері қалыптасқан қабілетті етіп тәрбиелеу үшін педагогтар мен ата-аналар балабақша жауапты екені белгілі. Балабақша алдағы жылдарда іс-тәжірибесі бар өзге де мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жауапты тәрбиешілерімен пікір алмасып, білім жетілдіру курстарынан өтіп, педагогтардың санатын көтеруге күш салып отыр. ХХІ ғасыр жаңа технологиямен ақпараттандыру ғасырымен қатар, рухани жаңғыру кезеңі. Осы орайда, Мемлекет басшысының «Болашақ» бағдарламасы «Алтын сақа» бөбекжай – балабақшасының басты бағдарына айналып, келешектің көрікті де білікті ұрпақтарын дайындауды басты мақсат етіп отырғанына көзіміз жетті.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.