Бұл атаулы күні осы саланың ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Кентау
қаласы металлургия салысымен тығыз байланысты. Сондықтан металлургтер мерекесін
тойлау қаланың қалыптасуына еңбегі сіңген ардагерлердің ескерткішіне гүл
шоқтарын қоюдан басталды. Игі шараға қала әкімінің орынбасары Самат Расұл,
қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, қала активі мен еңбек ардагерлері
қатысты.
Мереке салтанатты жиынмен жалғасты. Жиналғандар алдында
Самат Әбдімүтәліұлы сөз сөйледі. Ол өткен ғасырдың дәл ортасында бой көтерген
кеншілер қаласының атақ-даңқы кен өндіру ісімен тығыз байланысты. Кентаулық аға
ұрпақтың әлемді
таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң
бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Бұл сол
уақыттағы кенші-металлургтердің төгілген тері, қолтаңбасы ретінде кейінгі
буынға өнеге болып қала береді деп мерекемен құттықтады.Бірқатар кенші
ардагерлерге қала әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Ал еселі еңбегімен
ерекшеленген кеншілерге „Еңбек“ ордені мен 2-ші,3-ші дәрежелі
„Кенші“ төсбелгілерімен марапатталды.
Мерекелік шара қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы
мәдениет сарайының әншілерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.