Start Әлеумет ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев „Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары“ атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы үш жыл мерзімдік уақытта Үкімет тарапынан жүзеге асырылуға тиіс тапсырылмаларды атап өтті:Отандық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, сатып алу үрдісін оңтайландырып „баға емес, сапа“ қағидатына басымдық беру, агроғылым жетістіктерін пайдалану арқылы, ауылшаруашылық өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру, Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру, туризмді дамыту және жұмыстың ашық болуын, арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз ету керектігі жайлы айтылды. Мемлекет басшысы, Жолдаудың мақсаты – халықтың әл ауқатын арттыру, экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз ету, заңның үстемдігін жүзеге асыру-деді.Құрметті көпшілік!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын, бір кісідей қолдап, жүзеге асуына әрбіріміз өз үлесімізді қосайық.

Шардара аудандық Аналар кеңесінің және „Мейірім“ ҚБ төрайымы. Ұлдықыз Жәлелқызы.