Start Әлеумет ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы 2024 жылғы 9 ақпан күні сағат 11:00 де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 9 ақпан күні сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі. Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады. 1. 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы; 2. Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы; 3. Қала әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі; 4. Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №15/83-VІІ «қала әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 5. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 шілдедегі «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» №9/47-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 6. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021 жылғы №9/46-VII «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 7. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.