Озат ой мен кемел білім еліміздің дін мақсаттарға апаратын құдіретті
күш. Бүгінгі жастар, білімді ұрпақ кемеңгер Елбасымыздың салиқалы
саясатын қолдап, қуаттап, өздерінің белсенділіктерін дамытуда.
Осы
орайда, бүгін қалалық мәдениет үйінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен
2018-2019 оқу жылында түрлі бағыттарда жетістікке жеткен жас дарындарды
анықтау, дарынды оқушылардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету, жас
дарындарға қолдау көрсету, жыл қорытындысын шығару мақсатында қалалық дарынды оқушылар форумы өтті.
Жиында қала әкімі М.Қадырбек: Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2019
жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі
бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы
Сіздерге – Сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен
патриотизмдеріңізге байланысты. Біз қазір жасап жатқанның барлығы
Сіздердің бақытты өмірлеріңіз үшін, Сіздер өз әлеуеттеріңіз бен
мүмкіндіктеріңізді толық мәнде жүзеге асыра алуларыңыз үшін жасалып
жатыр. Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай
беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке
тілеймін! -деп, жылы лебізін білдірді.
Қалалық дарынды оқушылар
форумында халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқаулар,
сайыстар, олимпиадалар, спорттық жарыстар мен спартакиадалар,
фестивальдарда т.б. жетістікке жеткен 5-11 сынып оқушылары қала әкімінің
Алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Форумның соңы дарынды оқушылардан құралған өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.