Төлеби ауданында
төтенше жағдайларды алдын-алу штабының эвакуациялық комиссиясымен 24 маусым
күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты арыстықтарды
эвакуациялауға Төлеби ауданынан 10 қызметкер, 4 медик, 1 газел, 3 автобус
жұмылдырылды.
Эвакуациялық топпен Ордабасы ауданындағы Қараспан ауылдық округі, Төреарық елді
мекені, Тәуке хан мектебінде орналасқан эвакуациялық жинақтау пунктіне 550-ден
аса адам тіркелді. Пункте 150 адамға тамақтану мүмкіндігі
мен 100 орындық жатын орындар дайындалған. Бұл пунктке Қазақстан
Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп арыстықтардың
хал-жағдайларымен танысып, қолдау білдірді. Төлеби ауданы әкімдігінің, аудандық
мәслихаттың, аудан жұртшылығының қолдауымен зардап шеккендерге ас-ауқат,
киім-кешек, дәрі-дәрмектер жеткізілуде. Сонымен қатар, «Төлеби аудандық жастар
рессурстық орталығы» КММ-сі ауданның жастарымен бірлесе арыстықтарға гигиеналық
заттармен, төсек жабдықтармен өз көмектерін көрсетуде.
Қазіргі таңда
ЭЖП-де 89 азамат қалып отыр. Қалғандары жақын аудандарда орналасқан
ағайын-туыстарының үй-жайларына көшкен. Сондай ақ, Отандастарымызға аталмыш
пунктте Созақ, Сайрам аудандары да бірлесіп қол ұшызын созуда.