Start Әлеумет АЛИК ЖАТҚАМБАЙҰЛЫ: АДАЛ ӘРІ ӘДЕПТІ БОЛСАҢ, ЖҮРЕР ЖОЛЫҢ АШЫҚ БОЛАДЫ

АЛИК ЖАТҚАМБАЙҰЛЫ: АДАЛ ӘРІ ӘДЕПТІ БОЛСАҢ, ЖҮРЕР ЖОЛЫҢ АШЫҚ БОЛАДЫ

7 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне бас сұғып, оқу орнында өткен жылы ашылған «Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарымен танысты. 
«Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесінің негізгі мақсаты – білім беру саласы арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру және жемқорлықтан азат ұлт ұрпағын өсіру. 
2018 жылдың желтоқсан айында ашылған Жобалық кеңсенің жұмыс барысын кеңсе басшысы Балғабай Нақыпов таныстырып, Халықаралық білім ордасындағы жемқорлықтың алдын-алу бойынша жасалып жатқан бірқатар игі шараларға тоқталып өтті. 
Сондай-ақ, университет ректоры Болатбек Абдрасилов жоғары оқу орнында жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында, 2019-2020 оқу жылдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты оқу пәнінің барлық курстарға жүретінін атап өтті. Озық оқу орны тек білім беріп қана қоймай, жастардың рухани және мәдени кемелденуіне тың серпін беруде. «Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесі – бүгінде студенттердің негізгі өмірлік ұстанымдары мен адами құндылықтарының қалыптасуына оң әсерін тигізіп келеді.