Start Әлем БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері тізім бойынша, Ә.Жангелдин және Е.Молдабаев жалпы орта білім беретін мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндеге орынбасарлары, мектеп псиxологтары және аудандық полиция қызметкерлері қатысты.

“Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 заңына сәйкес Арыс қаласы аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкері М.Асанбаевтың тарапынан - аудандық полиция қызметкерлерімен білім беру ұйымдары бірлесіп түнгі рейдтік іс-шара жұмыстарын күшейту туралы ұсыныс берілді. Сондай-ақ Е.Молдабаев мектебінің директоры С.Әшімнің полиция бөлімі тарапынан мектептерге жеке учаскелік инспектордан бекіту туралы ұсынысы енгізілді.