Түлкібастық бағбандар тарапынан нарықта сұранысы өте жоғары және жұртшылықтың сүйсініп жейтін ерте пісетін шие(чирешня) сұртын отырғызуды қолға алуда.Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт ерте пісетін шие сұртын егуді бастаған «Мөлдір» және «Нұрсәуле Фрутс» ЖШС-не арнайы барып, жұмысымен танысты. Бірінші кезекте Мичурин ауылдық округіне қарасты «Мөлдір» ЖШС-де болған Нұрлан Мархабатұлы серіктестік директоры Қ.Үсембаевпен бірге көшет отырғызу жұмыстарын аралап, алдағы жоспарымен танысты.Биыл шаруашылық Турция елінен арнайы алынған жоғары сұртты мол өнім беретін «Амереканка» шиесін 50 гектар жерге отырғызуды жоспарлап отыр. Соның 30 гектарын қазіргі таңда отырғызуда.
Сондай-ақ, шаруашылық ерте көктемде 50 гектар алқапқа «Гала», «Голден Делишес», «Старкримсон» сынды алма сұрттарын отырғызған. Қос серіктестік төрағаларымен сұхбаттасқан аудан басшысы бастамаларына сәттілік тілеп, қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.Айта кетерлік, қос шаруашылық баудан мол өнім алу мақсатында Израйлдік технология енгізіп(тамшылатып суару әдісі), алатын өнім көлемін 2-3 еселеуді көздеп отыр. Қазіргі таңда Түлкібас ауданында ерте пісетін шие түрі 33 гектар жерге отырғызылған. Оның 30 гектары «Ажур» ЖШС-не, 3 гектары «Санжар» ШҚ тиесілі. «Мөлдір» және «Нұрсәуле Фрутс» ЖШС-і жоспарлы жұмысын аяқтаған жағдайда ерте пісетін шие бауларының көлемі 54 гектарға артып, жалпы аудан бойынша тәтті жеміс қарқынды бауларының аумағы 87 гетарға жетпек.