Nur Otan партиясы Түркістан қалалық филиалының үгіт-насихаттық тобы аясында еркін күрес бөлімінің жаттықтырушыларымен. „Қазақстан республикасының спорт шебері», жоғары санатты жаттықтырушы, Түркістан облысының ересектер құрамасының аға жатттықтырушысы Тұрғараев Қанат Сембекұлы сондай ақ жоғары санатты жаттықтырушы, Түркістан облысы әйелдер күресі құрамасының аға жаттықтырушысы Ерімбетов Нұржігіт Сәрсенбекұлымен кездесті. Қанат ағамыз. еңбек жолын 2005 жылы Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастады. Үлкенге ізетті кішіге құрметті бола білген ағамыз, еңбек жолында жиырмаға тарта «қазақстан республикасының спорт шебері», елу беске тарта қазақстан республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жәнеде халықаралық ареналарда топ жарып жүрген дарабоздарымызға жол көрсетіп жүр.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге баладан деп қаншама таланттарды тауып олардың жарқын болашағына жол ашып жүрген ұстаз. Ағамыз бүгінде үлкен бір өніп-өскен әулеттің бірі. Бүгінде ағамыз үш қыз бір ұл тәрбиелеп өсіріп отыр. Нұржігіт ағамыз еңбек жолын 2009 жылы Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастады. Жастайынан білімге құштарлығы ізденімпаздығымен көпке үлгі бола білді. Еңбек жолында он беске тарта «қазақстан республикасының спорт шебері», алпысқа тарта қазақстан республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жәнеде халықаралық ареналарда топ жарып жүрген батыр қыздарымызға жол сілтеп жүр. „Шәкірті жетсе жеңіске, ұстаздың барма арманы“ деп жалпы ұстаздар ұранына айналған сөз бар. Шәкірті Раимовп Нилуфар мұхит асып Аргентинада өткен жасөспірімдер олимпиадасында бақ сынады. Қаншама таланттарды тауып олардың жарқын болашағына жол ашып жүрген ұстаз. Қанат ағамзбен Нұржігітағамызды Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, спортшыларымызды әрдайым қолдап ардақтайтынымызды жеткіздік. Ел ағасы Nur Otan халықтық партиясының жеңімпаз болсын деп ақжарма тілегін білдірді.
«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан қаласы Сайлау қорының қаражатынан төленді