Start Қоғам «Nur Otan»:Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету

«Nur Otan»:Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету

⠀Түркістан қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы, Түркістан өңіріне еңбегі сіңген азамат Жарқынбек Құлбайымбетұлымен канвассинг бойынша сұқбат ұйымдастырылды.⠀Ұлағатты ұстаздың тәрбиелеген шәкірттері еліміз бойынша жер-жерде түрлі салада қызмет істеп жүр. Білім саласының озық қызметкері бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты, аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық атқару комитетінің мүшесі болып сайланған. Сонымен бірге аудан және қала, облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен, мерекелік медальмен, облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан, КСРО оқу ағарту ісінің озық қызметкері атанған.⠀Әңгіме барысында партияның бағдарламасында қамтылған білім саласына қатысты бағыттарға деген көзқарасын білдіріп, ұсынысын жеткізді.

Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қаланың одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті. Қалада үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін: қашықтықтан зондтаудың заманауи технологияларын енгізуге; жаңа талаптарды ескере отырып мұғалімдерді даярлауға; Жоғары және бірінші санаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның үлесін арттыруға, оның ішінде аймаққа жаңа кадрларды тартуға; 9 мектептің құрылысына, оның ішінде: 2021 жылы 225 орынды Әмір Темір, 600 және 250 орындық «Бірлік» елді мекені, 900 орындық «Отырар» мөлтекауданы мектептерінің құрылысы жүргізуге; 2022 жылы 900 орындық Қызылорда тас жолы бойындағы және «Бекзат» шағынауданындағы мектептерінің, 500 орындық жатақханасымен 700 орындық «Дарын» мектеп-интернатының құрылысын жүргізуге; 2023 жылы 1200 орындық «Отырар» және «Бекзат» мөлтекаудандары мектептерінің құрылысын жүргізуге; 2024 жылы 1200 орындық «Отырар» мөлтекаудандағы мектептің құрылысын жүргізуге;. Оқыту сапасын жақсарту мен дуальды оқыту қағидаттарын енгізу (оқу процесін практикалық жұмыстармен үйлестіру) арқылы Техникалық және кәсіптік білім бері орындарының түлектерін 2025 жылға дейін жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. Нәтижесінде қашықтықтан зондтаудың заманауи технологиясы енгізіліп, жаңа кадрлар тартылады, техникалық және кәсіптік білім беру орындарының түлектері толық жұмысқа орналасады.

«Nur Otan» партиясы атынан  Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді