Start Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ МЕН ТАБИҒИ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ МЕН ТАБИҒИ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы өткен жылдың қорытындысымен республика көлемінде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1 орынды иемденді. Былтыр өңірде 55 845 бала туған. Бұл туралы Түркістан облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді
«2020 жылдың 1 қаңтардағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны — 2 018 116 адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде — 405 539 адам, ауылдық жерде — 1 612 577 адам тұрады. 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 36 369 адамға немесе 1,8%-ға өскен. Өңірде ұл балалардың көп туылу тенденциясы әлі де сақталуда. Орта есеппен 1 000 қыз балаға 1 069 ұл бала туылды», – деді Айдар Ахметбекұлы.
Сонымен қатар, былтыр көші-қонмен облысқа келген халықтың саны — 55 385 адамды құраған. Ал облыстан кеткендердің саны — 66 665 адам.һ