Start Спорт ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТОКИО ОЛИМПИДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТОКИО ОЛИМПИДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАДЫ

Түркістан облысындағы спортты дамыту мақсатында, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев өзінің алғашқы жиынын өткізді. Ол жиынға облыстың олимпиада мектебінің директорлары мен бакперлері қатысты.Ондағы басты мәселе алдағы өтетін, республиқалық спартакиадаға спортшылардың дайындығы мәселесі айтылды. Және сол спартакиадаға қатысып, жүлделі орындарды алу жайлы сөз болды.40 спорт түрін қамтитын бұл спартакиада Түркістан облысы дербес команда ретінде қатысады. Және келесі жылы Токио олимпиадасына спортшылардың лицензиялық жарыстарға қатысып, жеңіп алу жайы сөз болды. Сонымен қатар Полат Наурызбайұлы спорттың білікті маманы ретінде әрбір спортшының деңгейіменен оның жарыстарда жеңіп алу мүмкіндігін саралайтын арнайы комисия жұмыс жасайтынын айтып өтті.Және алдыңғы уақытта Түркістан облысында бірнеше саладағы спорт мектептері ашылатынын айтты.Түркістан облысының спорттағы мәселесі, спорттағы тәртіп деді. Бұл әрине спортшылардың жауапкершілігі және отансүйгіштік қасиетінің артылуы деп айтып өтті. Сонымен қатар бакперлердің еңбегіне де аса зор баға берілетін болады. Міне осы мәселелер туралы кеңінен өткен жиында әрбір олимпиада мектебінің басшылары өздерінің атқарып жатқан жұмыстары жайында жылдық мәліметтерін ортаға салды.Осы жиыннан кейін Полат Наурызбайұлы Қырықбаев Түркістан облысында спорт қарқынды дамитынын жеткізді. „Оң.спорт“ ақпарат Суреттерді түсірген Ілияс Жолдас.