«Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының
полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған азаматты ұстады. Түркістан
ҚПБ-на жергілікті тұрғынның өз үйінде есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз
сақтағаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарлама барысында тез арада
Түркістан облысы ПД ЕБҚІҚБ, КПБ, Түркістан ҚПБ-ның тәжірибелі полицейлерінен
тергеу тобы құрылып, жүйелі түрде арнайы жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізеді.
Нәтижесінде, полицейлер күдікті ретінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғынын
ұстады. Сезіктінің үйін тінту барысында күдікке ілінген азаматтың тұрғын-үйінің
ішінде орналасқан жертөлесінен 8 кг-нан астам марихуаннаға ұқсас есірткі заты
тәркіленіп алынды. Тағайындалған есірткі құралдарды, психотроптық заттарды,
аналогтарды және прекурсорларды сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес,
пакеттермен ұсынылған есірткі құралы –«марихуана» болып шықты.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол
тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша
тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда, Түркістан облысы полицейлері күдіктінің, аса ірі мөлшердегі
есірткі затын өзінде қандай мақсатпен сақтағанын анықтау үстінде.
Көкнәр іс-шарасы өткізілгелі бері Түркістан облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері және
қала, аудандық полиция құрылымдарының қызметкерлерімен 5 тоннадай есірткі заты
алынып, оның ішінде 3 кг-нан астамы героин, 9 кг-нан астамы гашиш. Естеріңізге
сала кетейік, маусым айында басталған «Көкнәр-2019» іс-шарасы қазан айының 1-не
дейін жалғасады.