Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында „Алтынай“ би тобының концерттік бағдарламасы өтті. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографикалық бейне арқалы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Ол адамның мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрнісі. Арыс қалалық мәдениет үйінің „Алтынай“ би тобы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда үш топта 40-қа жуық шәкірт тәрбиелеп отыр. Бірнеше би байқауларының жүлдегері атанып үлгерді. Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай өткізген концерттік бағдарламаны мәдениет үйінің директоры Ш.Қарабаева ашып, барша өнерпаздар мен ата-аналарды құттықтады. Аталмыш іс-шарада би ұжымы 13 биді сахналады. Кәсіби биші, мәдениет қызметкері Лаура Шұлғаубаева жетекшілік ететін би тобының алар асуы әлі алда. Сондай-ақ, бұл концертте бірқатар жас бишілер алғыс хаттармен марапатталды