Start Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ


Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздарының марапаттау жиыны өтті.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін дін саласындағы мамандарды анықтау, қолдау көрсету, олардың мәртебесі мен беделі туралы қоғам арасында оң пікір қалыптастыру мақсатында өткен шараға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов қатысып, номинация иегерлерін құттықтады.
Мемлекеттік саясатты және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, діни тұрақтылықты қалыптастыруда зор үлес қосып келе жатқан дін мамандары мен діни қызметкерлер 12 номиция бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, «Үздік ақпараттық түсіндіру тобы» номинациясымен Шардара және Сайрам аудандары; «Дін саласындағы үздік тәлімгер» номинациясымен – Арман Қуанышбаев; «Үздік дәріскер» номинациясымен – Дінмұхаммед Сманов; «Үздік зияткер имам» номинациясымен – Арыстан Оспанов; «Үздік теолог» номинациясымен – Ілияс Нағызхан; «Үздік дін маманы» номинациясымен – Дінмұхаммед Тастемір; «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» номинациясымен – «Санұр» телеарнасы; «Үздік мақала» номинациясымен – Қуаныш Қосмаханов; «Үздік қарсы насихат парақшасы» номинациясымен – Төлеби ауданы әкімдігінің парақшасы; «Үздік терроризмге қарсы комиссия хатшысы» номинациясымен – Нұрғиса Ахмет; «Үздік әйел-қыздар секторының меңгерушісі» номинациясымен – Еңілік Әбиева марапатталды.