Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп – гимназиясында 17 ақпан күні дене шынықтыру әдістемелік бірлестігі мен директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары М.Нарымбетованың ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұны және дарынды оқушылармен жұмыс» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға қала мектептерінің дене шынықтыру пән мұғалімдері мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Е.Омаров қатысты. Семинар сағат 09.00 – де қонақтарды тіркеуден бастап, оқушылардың флешмоб, көрме, ұлттық ойындар мен шахмат ойындарымен жалғасты. Сағат 9.30 – да семинардың ашылу салтанаты басталды. Семинарды директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Нарымбетова ашты, ол бағдарламалармен таныстырып, құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Қ.Төлегеновқа берді. Дене шынықтыру пәні бірлестігінің атқарылып жатқан жұмысымен жетістіктерін әдістемелік бірлестік жетекшісі Е.Джумабаев таныстырды. Содан соң дене шынықтыру пән мұғалімі Е.Маханбетов «Баскетбол. „Допты алып жүру және дәл беру“ тақырыбында ашық сабақ өтті. Сағат 11.00 – де Қ.Назарбеков «Волейбол. Допты қабылдау және дәл беру» тақырыбында үйірме сабағын өтті. Мектебіміздің жас маманы Ә.Алиманов «Дойбы» факультатив сабағын өтті. Сағат 12.20 – да дене шынықтыру пән мұғалімі А.Анетов пен М.Нарымбетова дене шынықтыру сабағына қазақтың ұлттық ойынын кіріктіру тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстөлге келген қонақтар қатыстырылды. Семинар соңында қорытындылау, пікір алмасу, кері байланыс ұйымдастырылды. Қорытынды сөзге №10 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пән мұғалімі Б.Сағынбаев, №15 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пән мұғалімі М.Алтаев, дене шынықтыру пәнінің әдіскері Е.Омаров шықты. Олар өз ойларын білдіріп, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Семинар мамандардың жоғары бағасын алды. Семинар соңында ат салысқан ұстаздар Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің мақтау қағаздармен марапатталды.