Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдарда қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық тобының жұмыс кетесіне сәйкес Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Кентау институтында алыс жақын шет елдерден келген даярлық тобының студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тажибаев, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Абдувалиев, қалалық ПБ көші-қон полициясының аға инспекторы полиция майоры Е.Шаймерденов және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоратының виза бөлімінің басшысы Қ.Ешманов, Халықаралық байланыстар департаментінің басшысы А.Кулекеева, Халықаралық офис басшысы Р.Пайзиметова, ХҚТУ КДО терапевт-кардиолог Ж.Ермаханова қатысты.Кездесуде студент жастарға университет ережесі, көші-қон заңнамасына сәйкес құжаттандыру және жүріп тұру, вакцинация тақырыптарында қажетті ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, этносаралық татулық пен бірлік, халықтар достығы мен өзара түсіністігі, сыйластығы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.