Home Білім ТҮРКІСТАН: ЖЕМІСТІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ДАМУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ – 2

ТҮРКІСТАН: ЖЕМІСТІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ДАМУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ – 2

ХҚТУ-дің ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамыту, жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдарды университетке тарту, кадрлық әлеуетті сақтау және оны жетілдіру, жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыру мен дамыту, университет ғалымдарының педагогикалық қызметін ынталандыру және оңтайландыру мақсатында «Профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеуші» ережелері әзірленіп, Сенат мәжілісінің шешімімен қабылданды. Аталған жобаны да 2022-2023 оқу жылында іске қосу жоспарлануда. Университетімізде бірнеше жылдан бері коммерцияландыру офисі жұмыс істейді. Бұл бағытта біршама оң тәжірибелер жалғасын тауып келеді. Осы коммерцияландыру гранты негізінде Экология ҒЗИ қызметкері, техн.ғ.д., профессор Г.Саинова «Қызыл калифорниялық құрттардың дәрумендірілген биомасса және гранула түріндегі ақуызды азықтық вермиқоспаларын өндіру», Жаратылыстану факультеті биология кафедрасының доцент м.а., PhD Н.Салыбекова «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бағының базасында Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық жағдайында отырғызуға арналған сәндік дақылдардың бейімделгіш және стреске төзімді көгалдандыру материалдарын жеделдете өсіру» тақырыбындағы ғылыми жобаларын ойдағыдай сәтті аяқтады.

Осы офистің шеңберінде ғалымдарымыз әрекет етуші интеллектуальдық меншік бойынша 29 республикалық патент, 121 авторлық құқық берілді. Университет тарапынан 2015-2021 жылдар аралығында шетелдік жоғары оқу орындарымен 146, Қазақстан Республикасы ҒЗИ және басқа да мекемелермен 26 Меморандумға қол қойылып, келісім-шарттар түзілді.

Ерекше атап өтер жәйт, әлемдік жоғары оқу орындарының жыл сайын шығып отыратын рейтингтерінде алға жылжып, бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткіздік. Мәселен, Quacquarelli Symonds (QS) Emerging Europe and Central Asia (EECA) University Rankings рейтингінде бірден 45 позицияға алға жылжып, былтырғы 175-ші орыннан биыл 130-шы орынға көтерілдік. Сонымен қатар, QS World University Rankings by Subject рейтингіне ілініп, елеулі серпіліс жасадық. «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (Arts & Humanities) салалық рейтингінде 362-ші орынды, «Заманауи тілдер» (Modern Languages) пәндік рейтингінде 201-250 аралығындағы позицияны, «Білім және оқыту» (Education and Training) пәндік рейтингінде 301-350 аралығындағы позицияны иелендік. Ал, бірнеше күн алдын ғана нәтижесі жарияланған әлемдегі ең әрі ықпалды әлемдік университет рейтингісі – QS World University Rankings-те алғаш рет ең үздік 1000 университет қатарына еніп, 701-750 аралығындағы позицияны иелендік. Әрине, бұл жетістіктер – жоғары білікті ұжымымыздың жылдар бойы жасаған еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

– Жалпы, ғалымдардың ғылыми зерттеулер мен жобалардың нәтижесі, жетістіктері экономикаға, өңірді дамытуға септігін тигізуі тиіс. Осы ретте қандай ғылыми жобаларды атап айтар едіңіз?

– Университетіміздің Ботаникалық бағы – аймақтағы өсімдіктердің көбе-юіне экологиялық жүктемені азайтуға және жағдайды жақсартуға бағыттал-ған арнайы жоба болып табылады.

Түркістан облысы Қазақстанның экологиялық қолайсыз алты аймағының бірі. Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлді дала жағдайлары өсімдік ағзаларына әсер ететін қолайсыз факторлардың ерекше күрделі жиынтығымен ерекшеленеді. Осыған орай, экологиялық ауыртпалықты азайту және өсімдіктерді көбейту жағдайын жақсарту мақсатында 1994 жылы университетімізде ауданы 88 гектарды құрайтын ботаникалық бақ құрылды. Бүгінде Түркістан ботаникалық бағы биологиялық және экологиялық мәселелерді шешуге арналған танымдық ғылыми орталық болып танылды. Бұл пікірді Қазақстан ғана емес, Ресей және Өзбекстан ботаниктері мақалаларында жазып, түрлі мінберлерден айтып та жүр.

Ботаникалық бақта сәндік ағаштар мен жеміс-жидек дақылдарын өсірудің ғылыми негізделген әдістері, сондай-ақ осы ағаштарға сапалы тұқымдық материал алудың жеделдетілген технологиялары әзірленеді. Бүгінгі таңда университет ғалымдары Түркістан қаласын абаттандыру әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асыруда. Мәселен, коммерцияландыру жобасы аясында 26 сәндік өсімдіктердің көшеттері дайындалды.

Ботаникалық бақ базасында Ғылым қорының гранты есебінен 282 млн теңгеге ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру бойынша ірі жоба іске қосылды. Оның нәтижесінде Түркістан қаласының төңірегінде «жасыл белдеу» құрылатын болады.

–Университет аймақта ғана емес, елімізде медицина кадрларын даярлауда ірі орталыққа айналып келеді. Осы ретте, медицина кадрларын академиялық, ғылыми және клиникалық даярлаудың интеграцияланған моделін дамыту бағытында құрылған Медицина кластері туралы таратып айтсаңыз?

–Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігі (ТИКА) «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Клиника-диагностикалық орталығына «Клиника-диагностикалық орталық жабдықтарын қолдау жобасы» аясында материалдық көмек көрсетті.

Түркия Республикасынан келген профессорлар «Анадолыдан атажұртқа денсаулық көпірі» жобасы аясында университетіміздің медицина факуль-тетінде сабақтар беріп, семинарлар өткізіп, науқастарға оталар жасады.

Өткен жылы Түркияның Ыстамбул қаласындағы Мармара, Истиние, Жеррахпаша университеттік клиникаларында және Анкарадағы Гази университетінің клиникасында Түркістан облысының 100 дәрігері екі апталық біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2022 жылғы 11 наурызда университетіміз бен ҚР Президентiнiң Іс Баскармасы Медициналық орталығының Ауруханасы арасында меморандум түзілді. Серіктестік арқылы университет студенттері мен клиникамыздың мамандары аурухананың базасын пайдалануға, білікті дәрігерлердің семинарларына қатысуға, тәжірибе алмасуға және т.б. мүмкіндіктерге ие болады.

– «Yassawi академиялық үстемдік орталығы» туралы оқырмандарымызға таратып айтсаңыз.

– 2022-2023 оқу жылында университетімізде «Yassawi академиялық үстемдік орталығын» (бұдан әрі – Орталық) ашу жоспарлануда. Орталық дамудың үш бағытын қамтиды: медициналық, биотехнологиялық және экологиялық. Орталық болашақ мамандардың практикалық даярлығының базасы, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытудың өзегі болады. Орталықта университеттің клиникалық-диагностикалық орталығы базасында ауруларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханалары шоғырландырылатын болады. Жаңа орталықты құру инновациялық білім беруді қалыптастыруға ықпал етеді және медициналық, биотехнологиялық және экологиялық ғылым мен практика саласындағы әлемдік жетістіктерді ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Орталық аясында бірнеше ғылыми зертханаларды іске қосу жоспарланған. Атап айтар болсақ:

Big Data in Clinical Medicine зертханасы инженерлік факультет базасында «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының мамандарын тарта отырып жұмыс істейтін болады. Орталық ғылыми-зерттеу және диагностикалық зертханасы микроорганизмдердің молекулярлық генетикасы және генетикалық аурулар саласында ғылыми-зерттеу және диагностикалық жұмыстар жүргізу мақсатында құрылады.

Функционалдық диагностика орталығы Ахмет Ясауи Клиникалық-диагностикалық орталығының базасында функционалдық диагностика бөлімінің мамандарын тарта отырып, жұмыс істейтін болады.

Кардиохирургиялық орталық Ахмет Ясауи Клиникалық-диагностикалық орталығының базасында жүрек-қан тамырлары аурулары бөлімінің мамандарын тарта отырып, жұмыс істейтін болады. Аталған орталық келесі медициналық қызметтерді көрсететін болады: эхокардиография, стресс-экг, ангиография, жүрек тамырын стенттеу т.б. Сондай-ақ, Түркиядан жетекші мамандарды тарта отырып жоғары технологиялық кардиохирургиялық оталар, оның ішінде балаларға арналған кардиохирургиялық оталар жасалады.

Көз денсаулығы орталығы Ахмет Ясауи Клиникалық-диагностикалық орталығының базасында жұмыс істейтін болады. Орталықтың қызметі офтальмолог мамандарын дайындауға және Түркістан аймағының азамат-тарын емдеуге бағытталады. Мамандар Түркияның жетекші медициналық орталықтары мен университеттерінің шетелдік серіктестерімен бірге офталь-мология саласында заманауи күрделі хирургиялық операцияларды жүргізеді.

Өсімдіктер физиологиясы, фитопатология және агрохимпочввтану саласындағы зерттеулердің ғылыми-білім беру зертханасы үш бағытта жұмыс істейтін болады: Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы, өсімдіктер фитопатологиясы, өсімдік-терді минералды қоректендіру. «Эколо-гиялық қауіпсіздік» зертханасы «Био-логия» кафедрасының мамандарын тарта отырып, «Жаратылыстану» факультетінің базасында жұмыс істейтін болады. Зертхананың зерттеу бағдарламасына өңір аумағының ластану деңгейін бағалау және халық денсаулығы үшін тәуекелдерді белгілеу мақсатында қоршаған орта нысандарына кешенді экологиялық мониторинг жүргізу кіретін болады.

Қорыта келе, университеттің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында 2026 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрсетілген міндеттерге жету үшін қолайлы жағдайлар жаса-луда және жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде, Стратегиялық мақсатқа сәйкес университетті транс-формациялауға, аймақтың дамуына тың серпіліс береді деп сенеміз.

– Әңгіме-сұхбатыңыз үшін рахмет.

Сұхбаттасқан:

Әтіргүл ТӘШІМ.