Home Басты жаңалықтар Түркістандық кәсіпкер «YASSAUI SU» брендінің негізін қалады

Түркістандық кәсіпкер «YASSAUI SU» брендінің негізін қалады

Кәсіпкердің айтуынша, бұл су «Түркістан мақта зауытының» аумағынан 820 метр тереңдіктен шығады екен. Түркістанның брендіне айналар ауызсу туралы кәсіпкердің өзі:

«2016 жылы Сауд Арабиясына барғанда адамдар біздікіндей су тұтынып жүргенін көрдім. Сол кезде осындай кәсіпті Қазақстанда да ашсақ қалай болады екен деген ой келді. Бірақ, ол ойымды іске асыра алмадым. Дегенмен, елімізде пандемия басталған тұста бастапқы идеямды іске асыруға құлшынысым арта түсті. Себебі, медицинада антигигиена деген түсінік бар. Яғни, осындай 200 граммдық шағын стақандағы суды бір ғана адам қолданады және жылдам жылытып, тез салқындатуға болады. Ал, бағасын халыққа қолжетімді етіп белгіледік. Атауына тоқталсақ, Түркістан мен Яссауи бабамыздың есімі егіз ұғым. Сондықтан, «YASSAUI SU» деген брендті жарыққа шығарғымыз келді», – дейді.

Қазіргі уақытта өндіріс орнында 4 адам 150 мың теңге жалақымен тұрақты жұмыс істесе, Бидәулеттің өзі сату мәселесімен айналысып жатыр. Алғашқы сынама кезеңінде олар 4 сағаттың ішінде 8000 стақан су дайындаса, қазір қалыпты жұмыс режимімен күніне 10 мың стақан ауызсу шығарады. Сонымен қатар, кәсіпкер «YASSAUI SU-ды» қонақүйлер мен фитнес-залдардың сөресіне қоюды да жоспарлап отыр.