Home Басты жаңалықтар Түркістандық кәсіпкерлер жаңбырлатып суғару технологиясының пайдасын көруде

Түркістандық кәсіпкерлер жаңбырлатып суғару технологиясының пайдасын көруде

Түркістан облысы Созақ ауданының шаруалары жаңбырлатып суғару әдісінің тиімділігіне көз жеткізді. «Болыс ата» шаруа қожалығының төрағасы Рысметов Шәріпжан 21 гектар жерде қарбыз, жоңышқа, жүгері егіп, өнімін Ресей еліне экспортқа шығарады. Жаңбырлатып суаруға арналған техниканы 9 млн. теңгеге салып алған. Құрылғы құнының тең жартысын мемлекет субсидиялайды.

«Құрылғыны шілде айында алдым. Қазіргі таңда жоңышқаны осы әдіс арқылы суғарып отырмын. Суды тиімді пайдаланып, мол өнім алуға болады», – дейді шаруа. Ауданда мал азығы, азық-түлік белдеуін қалыптастырып, жаңбырлатып суару әдісін ендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. «Инновациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығы» өткізген семинарда жаңбырталып суару әдісінің тиімділігі түсіндірілген. Соның нәтижесінде, бүгінде аудан шаруалары қызығушылық танытып, жаңа технологияны меңгеруде.

Аудан әкімі Салыхан Полатов, Созақ ауыл округінде болып, жаңбырлатып суару әдісін енгізген шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті. Қазіргі таңда Шолаққорған, Құмкент елді мекендерінің бірнеше шаруа қожалықтары осы технологияны енгізбек.