Home Басты жаңалықтар Түркістанда қарилар байқауы өтпек

Түркістанда қарилар байқауы өтпек

12-13 қазан аралығында Түркістанда тұңғыш рет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан» X республикалық байқау өтеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыс биыл облыс орталығында жоғары деңгейде өтпек. Қарилар сайысқа түсіп қана қоймай, қазақтың тарихи тұлғалары жатқан кесенеге зиярат жасайды. Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұловтың айтуынша, байқаудың бас жүлдесіне су жаңа шетелдік автокөлік және 500 мың теңге мен 3 млн. теңгеге дейін қаржылай сыйлықтар табысталады. Айта кетейік, сайысқа әр облыстан 4 үміткер қатысып, бақ сынамақ. Байқауға қатысатын үміткерлердің өзі бұған дейін арнайы іріктеуден өтіп, солардың ішінде төртеуі лайықты деп танылған. Республикалық қарилар арасындағы жарысқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалық ететін болады.