Home Басты жаңалықтар Түркістанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласындағы жаңа «Эко-Базар» әмбебап сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Түркістан облысы мен Түркістан қаласы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Онда Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес, Бәйдібек, Сауран, Жетісай, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Кентау және Арыс қалаларының 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 20 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімді базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен сатып алды. Мәселен, қымыздың литрі – 704 теңгеден, баялдыр – 90 теңге, сәбіз – 225 теңге, картоп – 180 теңге, қауынның келесі – 100 теңге, әңкелек – 250 теңге (данасы), қарбыз – 300-450 теңге (данасы) аскөк – 135 теңге, қияр – 180 теңге, алма – 360 теңге, қой еті – 2047 теңге, жылқы еті – 2160 теңге, болгар бұрышы – 180 теңге, сиыр еті – 1955 теңге, қызылша – 189 теңге, қызанақ – 162 теңге, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан – 80 теңгеден саудаланды.

Алдағы уақытта облыс орталығында әр сенбі күні жәрмеңке өткізіледі деп жоспарлануда.Қала тұрғындарына “Эко-Базар” әмбебап сауда базарына №1, 14, 15, 18 және 30 қоғамдық көліктері қатынайды.