Home Басты жаңалықтар Түркістан: Таудан 2 адам құтқарылды

Түркістан: Таудан 2 адам құтқарылды

Түркістан облысының құтқарушылары таудан 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды dingek.kz

2021 жылдың 16 шілдесінде сағат 11:50 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағаныдағы «Біркөлік» шатқалына барған 2 жасөспірім тау басына демалуға көтеріледі. Алайда жартасты, биік таулы, күрделі жоталы болуына байланысты жасөспірімдер төмен түсе алмай, «112» нөміріне хабарласқан. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, екі туристі қауіпсіз жерге түсірді.

Айта кетейік, құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен 8 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.