Home Басты жаңалықтар Түркістан қаласының әкімі “Бастау Бизнес” жобасын көбейтуді тапсырды

Түркістан қаласының әкімі “Бастау Бизнес” жобасын көбейтуді тапсырды

Түркістан қаласының әкімі жұмыссыздар санын азайту мәселесін шешу қажеттігін айтып, келер жұмаға дейін нақты жоспар құру бойынша тапсырма берді.

“Бастау бизнес” жобасына қатысушылар санының көптігін ескере отырып, грант санын 3 есеге арттыруды тапсырды. Бюджеттен бөлінген әрбір қаржы кері қайтарылмай, толығымен нәтижелі түрде игерілу керектігін баса айтқан Нұрбол Әбдісаттарұлы, әсіресе қоғамдық жұмысқа бөлінетін қаржыны көбейту қажеттігін айтты. Одан өзге, “Жұмыспен қамту жол картасы” арқылы құрылысқа жұмысшыларды жіберу үшін мердігерлермен кездесу өткізетінін, сонымен қатар, қала әкімі аптасына бір рет орталыққа барып жұмыс барысын көретінін, аптасына бір рет әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарды тыңдайтынын хабардар етті.

 “Жастар практикасы” арқылы түрлі мекемелерге жұмысқа жіберілетін жастар тұрақты жұмыс орнымен қамтылуы керек. Бұл туралы шаhар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы “Халықты жұмыспен қамту орталығы” басшысының есебін тыңдау барысында айтып өтті. Қала әкімі жұмыссыздар санын азайту мәселесін шешу қажеттігін айтып, келер жұмаға дейін нақты жоспар құру бойынша тапсырма берді. Кем дегенде жастардың 80 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылу керектігін ерекше айтып өтті.