Home Басты жаңалықтар Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін құрылмақ

Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін құрылмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына арналған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы – Қазақстандағы ең қолайлы өңір екені белгілі. «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі бағыт – заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдана отырып, бір алқаптан екі-үш өнім алу, еңбек өнімділігін еселеп арттыру. Бүгінгі таңға азық-түлік белдеуінде 2 мың гектарға 44 бірлік жаңа технологиялық жаңбырлатып және барабанды суару қондырғылары орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 1 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйелерін енгізіледі. Тиімді технология дақыл түріне қарай ағын су шығынын азайтумен қатар, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Атап айтқанда, 2019 ж. «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-гі жер көлемі 1 210 га құрайтын 108 шаруа қожалықты біріктіріп, 733 га аумаққа АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын орнатты және 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары алынды.