Home Басты жаңалықтар Түркістан әкімі Ақмешіт үңгірінің жағдайымен танысты

Түркістан әкімі Ақмешіт үңгірінің жағдайымен танысты

Түркістан облысындағы туристік орындардың бірі – Ақмешіт үңгірі. Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапармен Көктерек ауылдық округіне барып, сол Ақмешіт үңгірінде болды. Ақмешіт үңгірінің қазіргі жағдайымен танысқан аудан әкімі туристік бағытта дамыту жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, бірінші кезекте үңгірді тамашалауға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айналасын абаттандыру, демалушыларға арнайы орындықтар қою мәселелері көтерілді.