Home Басты жаңалықтар Түркістан агоқұрылымы қалай дамуда?

Түркістан агоқұрылымы қалай дамуда?

Түркістан облысында 69,2 мыңға жуық агроқұрылым бар, бұл Республиканың 33 %-ын құрайды. Оларда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. Сонымен бірге, өңірдегі еңбек өнімділігін қарқынды арттыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалану, озық технологияларды өндіріске ендіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Айта кетсек, 2019 жылдан бастап өңірде «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы кеңінен іске асырылып келеді. 2020 жылы 1999 жоба (5,2 мың га) жүзеге асырылып, қосымша 18,4 млрд.тг өнімі өндірілген, яғни 1 гектардан 2- 2,5 есеге көп өнім алынды. Ал, 2021 жылы 8,9 мың гектар жерде 2878 жоба жүзеге асырылды. Қазіргі таңда, 230 мың тн. көкөніс өнімі жиналып, жұмыстар жалғасып жатыр (1-ші өнім 164 мың тн., 2-ші өнім 60,3 мың тн.).