Home Басты жаңалықтар ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА “ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ” КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА “ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ” КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2019 жылдың 15 сәуірінде Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы «Форумдар» сарайында «Ұлы дала мұралары» тақырыбында көрмесін ашады.


Көрме Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын негізге ала отырып, Ұлы даланың рухани мұраларын шетелдерде таныту, насихаттау арқылы еліміздегі тарихи орындарға шетелдіктердің қызығушылығын тудыруды, бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне 2003 жылдан бастап енген Орта Азиядағы теңдесіз бірегей сәулет ескерткіші Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі мен сайыпқыран Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған ортағасырлық түпнұсқа ХІV ғасырдың шырағдандары, тайқазан, лауһа (тудың ұшы) мұралары арқылы еліміздің тарихи-мәдени жәдігерлерін жаһандық деңгейде насихаттауды және түркі тілдес мемлекеттер арасындағы мәдени шығармашылықты, ынтымақтастықты дамыта отырып, еліміздің бай мұраларын рухани жаңғыру аясында бүкіләлемдік қауымдастық кеңістігінде насихаттауды мақсат еткен.