Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Елімізде коронавирус індетінің қауіпі әлі сейілген жоқ. Дертпен күресіп, емделіп жатқан отандастарымыз көп. Бүгін Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, эпидемиологиялық ақуал сараланды. Сарыағаш ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 1 қаңтарында 60 төсек-орындық инфекциялық стационар жұмыс істеп тұрды. Мамыр айынан бастап науқас санының көбеюіне байланысты ауруханада орын саны ұлғайтылып, 300-ге жетті. Онда 157 дәрігер, 556 мейірбике жұмыс істеп, жыл басынан бері 2350 науқас емделіп шықты. Дәрі дәрмек қоры 2 айға қамтамасыз етілген.Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, орын саны 100-ге дейін қысқартылып, инфекциялық стационарда 54 науқас (пневмония – 45, КВИ оң нәтижелі – 9) емделіп жатыр. Дәлірек айтсақ, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт және Шардара ауданының тұрғындары ем қабылдауда. 2020 жылдан бері Сарыағаштағы зертханада 187720 сынама тексерілген. ПТР сынамалары арқылы қауіпті індет дер кезінде анықталып, таралу жолы шектелуде. Биыл Сарыағаш ауданының 552 тұрғынынан қауіпті індет анықталып, 545-і емделіп шыққан. Станционарда 7 адам ем қабылдап жатыр. Сарыағаш қаласындағы №12 кәсіптік колледж жатақханасында 90 төсек-орындық карантиндік стационар ашылып, жзыл басынан бері шекарадан өткен Қазақстан Республикасының 14411 азаматы уақытша оқшауланған. Бүгінгі таңда 15 адам бақылауда.Аудандық орталық ауруханада коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, аурухана бөлімдері 200 оттегі нүктесімен, қарқынды емдеу бөлмесі өкпені жасанды желдету құралғысымен, жалпы қызметкерлер пульсоксиметр, тепловизорлармен толық қамтылды. Орталық емханаға соңғы үлгідегі тепловизор экран орнатылды. Ауданда вакцинациялау жұмыстары да жоспарға сай жүріп жатыр. Биыл ақпан айында әкелінген I компонент бойынша 106695 доза, II компонент бойынша 101750 доза салынып бітті. БАҚ өкілдері аурухана дәрігерлерімен тілдесіп, науқастардың жағдайын сұрады. «Қауіпсіздік пен сақтықты естен шығаруға болмайды. Індеттің қарқыны бәсеңдегенімен, қауіп сейілген жоқ. Карантиндік талаптарды сақтау керек» дейді сарыағаштық дәрігерлер.