Home Басты жаңалықтар Түркістанға қарасты аудан орталығында«Sulpak» дүкен желісі ашылды

Түркістанға қарасты аудан орталығында«Sulpak» дүкен желісі ашылды

Ордабасы ауданындағы мақта алқабының 80 пайызы бірінші терімнен өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ордабасы ауданының орталығы Темірланда тұрмыстық техника және электроника дүкенінің филиалы ашылып, тұтынушыларды қабылдай бастады. Мұнан былай аудан тұрғындары облыс орталығы мен Шымкентке мегаполиске бармай-ақ күнделікті тұрмысқа қажетті 10 мыңнан аса тауарды аудан орталығынан тиімді бағамен сатып ала алады. Жаңа сауда дүкенінің ашылу салтанатына орай 25-31 қазан айы аралығында дүкен сөрелеріндегі техникаларға 40 пайыз жеңілдіктер қарастырылған. «Sulpak» дүкен желісінің директоры Марат Төреқұловтың айтуынша мұнда сатушы маман ретінде Темірлан ауылының 20-30 жас аралығындағы жастары жұмысқа тартылған.