Home Басты жаңалықтар Рухани керуен Түркістанда

Рухани керуен Түркістанда

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының бастамасымен Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен “Рухани керуен Түркістанда” облыстық акциясы бастау алды.

Керуен көшін киелі Сайрам ауданының мәдениет майталмандары, кітапхана қызметкерлері бастап, Түркістан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен шараларға ұйытқы болды. Іс-шараға Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Түркістан облысы мен қаласының құрметті азаматы – Құлбайымбетов Жарқынбек және Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төраға орынбасарсы Есалы Нұржанов қатысып игі бастамаға батасын беріп, сәттілік тіледі. Атап өтсек, үш бөлімнен тұратын іс-шара фойедегі кітап көрмесіне басталды. “Төремұратов Түркістан төрінде” атты кездесу кешінің кейіпкері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Төремұратов Нұрғиса Тұрдымұратұлының қаламынан туған туындылар көрмеге қойылған-ды. Сосын, көрме сайрамдық ақынның жыр кешімен жалғасты. Сонымен қатар, “Рухани керуен Түркістанда”атты акцияның шарты бойынша Сайрам аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары мен оқырмандары “Біз болашақ кітаханашымыз!” библиокруизын ұсынды. Сондай-ақ, «2021 жыл – балалар әдебиеті жылы» аясында Сайрам аудандық орталық кітапханасы ” Ертегілер еліне ертеміз” таспа жинағын шығарған. Таспаның тұсауын Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы, Түркістан облысы мен қаласының құрметті азаматы Құлбайымбетов Жарқынбек және Қ.Р мәдениет қайраткері, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Мұстафава Ұлжан Әбенқызы кесті. Шараны қорытындылаған Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханаларының директоры Сыдыкова Дана Нұрмұғанбетқызы және облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директор орынбасары Аманжолова Жанар Жақсылыққызы рухани құндылығы терең акцияны бастап, ат терлетіп келген қонақтар мен оқырмандарға алғысын білдірді.