Кентау қаласындағы Жастар ресурстық орталығында Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде жұмыс істейтін ұстаздардан құралған топтар “Интеллект баттл” білімділер сайысына қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясының “Эврика” тобы сайыстың қорытындысы бойынша II орынға ие болды. Топ мүшелері: Директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мереке Нарымбетова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрар Омаров, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абылай Қалдарбек, музыка пәнінің мұғалімі Айдана Орынбасар. Қазақстан тарихы пәнінен қатысқан мұғалімдер арасында “Ең үздік ойыншы” номинациясына Тұрар Омаров ие болды.
