Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі “Үш тұғырлы тіл арқылы оқыту технологияларын ендіру тәсілдері” атты аудандық семинар өткізді.
Заман талабына сай оқушылардың талап биігінен көрініп, білім алуда үздіксіз ізденуге қалыптастыруды және жас мамандардың кәсіптік деңгейлерін шыңдауды көздеген семинарға ауданның адами әлеуетті бөліміне қарасты әдіскер Г.А.Құралбекованың басшылығымен аудан мектептерінен ағылшын тілі және үш тілділік бойынша мұғалімдер келіп, қатысты.
Жас мамандардың кәсіптік деңгейлерін қалыптастыратын жоба мамандардың кәсіби құлшынысын арттырды.
Семинар үлкен ұжымның ауызбіршілігі арқасында жоғары дәрежеде өтілді.