Home Әлеумет ТҮРКІСТАН ТАС ЖОЛДАРЫН ТАЗАЛАУҒА 100-ГЕ ЖУЫҚ ТЕХНИКА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАН ТАС ЖОЛДАРЫН ТАЗАЛАУҒА 100-ГЕ ЖУЫҚ ТЕХНИКА ШЫҚТЫ

Қала көшелерін күл-қоқыстан тазартып, жолдарды жууға арналған сан алуан түрлі техника Түркістан көшелеріне шықты. Аталған жұмыстар тынымсыз жүргізілетін болады. Қазіргі таңда Түркістан қаласын санитарлық тазалауға 83 арнайы техника жұмылдырылған. Алдағы уақытта олардың санын 100-ден асыру жоспарда бар. Тазалық науқанына дайындықпен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күшейтілген режимге көшуді тапсырды.Түркістан қаласында тазалық науқаны жүріп жатыр. Әр сенбі күні қала аумағында жалпы халықтық сенбілік ұйымдастырылуда. Шараға атсалысқан азаматтар алғыс хатпен марапатталады. Қаланы қоқыстан тазартып, тазалықты сақтауға жәрдем беріп, жанашырлық танытқан жандар тал егу жұмыстарына да белсенді қатысуда.Қала тұрғындары өз аулалары мен көше аумақтарындағы қоқыстар, арықша іштерін тазаласа, қызметкерлер мекеме маңдарына тазалық жұмыстарын жүргізуде. Түркістандағы барлық ірі ғимараттар, саябақтар, көпірлер мен демалыс орындары бір үлгіде жарықтандырылып, қалаға қайталанбай реңк берді. Көне шаһар бірнеше бағытта көркейіп, заманауи технологиялардың көмегімен «ақылды қалаға» айналуда.