Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ БОКСТАН ҚР АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ БОКСТАН ҚР АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Шардара жерінде тұңғыш рет өткелі отырған, бокстан 2007 -2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барысында сөз алған Аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы Шардара өңірінде бокс спортының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады. Келесі сөз кезегін алған Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Шардара аудандық маслихат хатшысы Қарсыбаев Арман Романұлы спортшыларға сәттілік дей келе, жарыстың жарақатсыз өтуін тіледі. Сөз соңында елімізде бокс спортын дамытудағы сіңіріп жатқан еңбектері үшін Шардара ауданы әкімінің алғыс хатымен, естелік сыйлығымен бокстан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Сыдықов Рахимжан Нурахунұлын және бокстан Түркістан облысының жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Сыздықов Олжас Маратұлын аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы марапаттады. Сонымен қатар, елімізде бокс спортын дамытудағы сіңіріп жатқан еңбегі үшін Шардара аудандық маслихат хатшысының алғыс хатымен Қасқаев Заңғар Жәдігерұлын Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Шардара аудандық маслихат хатшысы Қарсыбаев Арман Романұлы марапаттады. Мұнан кейін 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионатыны басталып кетті.