Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚТАР КӨРШІЛЕС АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚТАР КӨРШІЛЕС АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Биыл елімізде Мемлекет басшысының тұжырымдамасына сәйкес, «Наурыз» мерекесі 14-23 аралығында, яғни 10 күн тойланады. 14 наурыздан бастау алатын мереке күні бұл – «Көрісу» күні. Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданымен көршілес орналасқан Түлкібас ауданының Мыңбай, Еңбекші, Төлеби ауданының Сарқырама, Мадани ауылдарының тұрғындарының қатысумен Қарабұлақ, Қарамұрт ауылдарында “Көрісу” күні аталып өтті. «Наурыз» мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Көршілес тұрғындармен өткен мерекелік бас қосуда достық, бірлік және ауданаралық қоғамдық келісім мен татулықты сақтау, ынтымақтастықты нығайту мәселелерін кеңінен қарастырды. Жиналғандар мерекені бір дастарқан басында жалғастырып, сайрамдықтар көршілес ауыл ақсақалдарына құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты. Екі тарап өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі болып, ынтамақтығы мен бірлігін арттыру мақсатында кездесулерді жиі ұйымдастырып отыруға келісті.