Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев және ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қатысты Ордабасы ауданы, Ақжол ауылы, Жамбыл мектебінде брифинг өткізді. Олар халықты алаңдатқан сауалдарға жауап беріп, нақты мәліметтермен бөлісті.
«Қазіргі таңда шұғыл шаралар қолға алдық. Жарылыс масштабын көрген соң, бірден тұрғындарды эвакуациялап, желдің бағытына қарай үш лагерь жасақтадық. Арыс қаласын сағат сайын аралап, кездескен тұрғындарды құтқару операциясын жүргізудеміз», – деді Ө. Шөкеев.
Арыс қаласындағы жарылыстан өңірге радиациялық қауіп жоқ. Бөген суқоймасы тұрақты бақылауға алынғандықтан, су басу қатері бар деген ақпарат та қауесет екенін мәлімдейміз.
Қазіргі таңда Арыс қаласындағы тәртіпті қадағалау үшін 345 полиция қызметкері жұмыс істесе, қосымша Ұлттық гвардияның 500 сарбазы көмекке келген.
Сондай-ақ оқиға орнында 75 арнайы көлік, 51 шұғыл жәрдем экипажы қызмет етуде. 105 автокөлік тұрғындарды эвакуациялауға жұмылдырылған.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ТЖД тарапынан 359 қызметкер, 40 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде.
Тұрғындардың негізгі бөлігі қаланы өз аяғымен тастап шыққан. Соңғы сағатта 1616 адам елдімекеннен көшірілді.
Ордабасы ауданы, Төреарық ауылындағы Тәукехан мектебінде эвакуацияда отбасынан көз жазып қалған балалар жиналуда. Олардың фотосуреттері Түркістан облысының ресми парақшасында жарияланады.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер саны – 31. Ауыр жарақат салдарынан 1 адам қайтыс болды. Бұл мәлімет әлі де нақтылану үстінде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
АРЫС: ЖИТЕЛИ ЭВАКУИРОВАНЫ И ОКАЗЫВАЕТСЯ СООТВЕТСТВУЮЩАЯ ПОМОЩЬ
Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев, министр обороны РК Нурлан Ермекбаев и председатель комитета по чрезвычайным ситуациям РК Владимир Беккер провели брифинг в селе Акжол Ордабасинского района, в школе им. Жамбыла по ситуации в городе Арыс. Глава области ответил на волнующие население вопросы и поделился с ними конкретными данными.
«На сегодняшний день приняты срочные меры. Увидев масштаб взрыва, мы сразу эвакуировали жителей и сформировали три лагеря. Каждый час мы ездим по городу Арысь, в случае обнаружения жителей – проводим спасательную операцию”.
Стоит отметить, радиационный фон в городе Арысь и окрестностях в норме. Также сообщаем, что плотина Боген находится на постоянном контроле, угрозы ее разрушения нет.
Для обеспечения правопорядка в городе работают 345 сотрудника полиции, дополнительно в город введены 500 военнослужащих национальной гвардии.
Эвакуируются жители, задействовано 105 единиц автотранспорта, помимо основного штата РОВД города Арысь привлечено 75 единиц специального транспорта, 51 экипаж неотложной помощи.
По линии ЧС задействовано 359 сотрудников и 40 единиц спецтехники ДЧС Туркестанской области и г.Шымкента.
Основная часть населения выехала из города самостоятельно. За последний час эвакуировано 1616 человек.
В средней школе имени Таукехана села Тореарык Ордабасинского района, собираются потерявшиеся после эвакуации дети. Их фотографии будут размещены на официальной странице акимата Туркестанской области.
По данным областного управления здравоохранения на сегодняшний день в медицинские учреждения области поступило 31 пострадавших. Окончательные данные уточняются.
Пресс-служба акима Туркестанской области