Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Қарттар күні аталып өтілді. Іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Динара Егамбердиева демеушілік жасап, дастархан жайды.
Мерекелік әрі тәрбиелік маңызы зор жиынға Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы қатысып, ел ағалары мен аналарын мерекемен құттықтады. Түркістан облысының дамуында ардагерлердің үлесі мол екенін айтты. Құрмет көрсетті. Сонымен бірге партияның Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдіқадыров пен аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Розақұлұлы қатысып, данагөй ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерді құттықтап, мерекелік сый-сияпат табыстады.
Қарттар күнін жыл сайын атап өтіп, аға буынға құрмет көрсетуді әдетке айналдырған депутат Динара Егамбердиева партиялық жобалар аясында жұмыс атқаруды жалғастыратынын мәлімдеді. Жиында қазыналы қарттар елді бірлікке шақыратын келелі ойлар айтып, жұртшылықты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, ақ баталарын берді.