Home Әлеумет ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ АРЫСТА АРНАЙЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ ҚҰРМАҚ

ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ АРЫСТА АРНАЙЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ ҚҰРМАҚ

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова түркиялық ірі инвестор – VEFAS, Trolieum, Ankara, Renk-Yol және NC GLOBAL`S сынды инвестициялық компаниялар тобының атқарушы директоры Несип Дурсунмен кездесті.

Гүлжан Мамытқызы бұл кездесу Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған: “инвесторларға кешенді қызмет көрсетіп, қолдау білдіру қажет” деген тапсырмасына орай ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

“Өйткені, Президент Жолдауында білім сапасын арттыру мен ауыл шаруашылығын дамытуға, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік бағыттарын құруға ерекше назар аударғаны белгілі. Ал біз осы мақсаттағы жобаларды бірлесе жүзеге асыруға инвесторларды қатыстыруды көздеп отырмыз. Яғни, біз бүгін ауыл шаурашылығы тауарларын өңдеу және өндіру үшін арнайы индустриялық аймақ құру мәселесін талқылап отырмыз”, – деді ол.

Айта кетейік, кездесуге қала әкімдігі аппаратының қызметкерлері мен салалық бөлім басшылары қатысты.